$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда қылмыскерлер телемұнараны басып алудан бас тартқан бейбіт тұрғындарға оқ атқан – Бас прокуратура

Тәртіпсіздіктерге белсенді қатысқан екі шетелдік азамат анықталды

Алматыда қылмыскерлер телемұнараны басып алудан бас тартқан бейбіт тұрғындарға оқ атқан – Бас прокуратура
Фото ашық дереккөзден

Бас прокуратура қаңтарда болған лаңкестік әрекеттер мен тәртіпсіздіктерге қатысты тергеп-тексеруді жалғастыруда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жекелеген эпизодтар бойынша қылмыстарға қатысы бар күдіктілер анықталып, ұсталды.

«Атап айтқанда, тергеумен 2022 жылғы қаңтардың 4-інен 5-іне қараған түні Алматыда қала әкімдігінің ғимаратын басып алу кезіндегі тәртіпсіздіктерге белсенді қатысқан екі шетелдік азамат анықталды.

Аталған адамдар ғимаратты қорғап жүрген Мамандандырылған күзет қызметінің қарусыз қызметкерлеріне қарсы қатыгездікпен күш қолданған. Олар полицейлерге дене жарақаттарын бұрын тартып алынған арнайы құралдармен (қалқандар, таяқшалар) жасаған», - делінген хабарламада.

Бейнематериалдарды сәйкестендіру нәтижесінде қылмыскерлердің жеке бастары анықталды.

«Биыл 1 ақпанда олар соттың санкциясымен қамауға алынды. Олардың қылмыстық әрекеттері Қылмыстық кодекстің 272-бабының 2-бөлігі (жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу), 380-бабы 3-бөлігінің 1,4-тармақтары (билік өкіліне күш қолдану) бойынша сараланды.

2022 жылғы 6 қаңтарда қылмыскерлер телеэфир ұйымдастыру мақсатында «Көктөбе» телемұнарасын басып алуды жоспарлап, ол үшін бейбіт тұрғындарды бірлесіп, қылмыс жасауға көндіре бастаған және қылмыскерлер олардың өміріне қауіп төндірген. 1992 жылы туған азамат бас тартқан соң қылмыскерлер оған мылтықпен екі рет оқ атқан, нәтижесінде жәбірленуші қолынан және жыныс мүшелері тұсынан жарақат алған. Аталған қылмыстың ұйымдастырушысы ұсталды, ол бұрын сотталған 1983 жылы туған Алматы қаласы маңының тұрғыны болып шықты. Оның қылмысқа қатыстылығы куәгерлердің түсініктемелерімен дәлелденеді. Ол осы жылдың 25 қаңтарында соттың санкциясымен қамауға алынды», - делінген ведомство хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары