Қыс мезгілі басталғалы астанадан үш млн текше метрден аса қар шығарылды

Azattyq Rýhy

Өткен түнде 25 мың текше метрге жуық қар шығарылды

Нұр-Сұлтанда соңғы бірнеше күнде толассыз қар жауды. Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Өткен түнде, яғни 13 ақпаннан 14-іне қараған түні қаладан 25 мың текше метрге жуық қар шығарылды. Ал қар полигондарына екі мыңға жуық рейс жасалды.

«Бүгін, 14 ақпанда қала бойынша қар тазалау жұмысына 1000-нан астам арнайы техника мен 1 600-ден астам жол жұмысшы жұмылдырылды.

Бірінші кезекте, ереже бойынша, жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кіретін жолдар және т.б. қардан тазартылады.

Айта кетейік, 13 ақпанға қараған түні қар полигондарына 20 мың текше метрге жуық қар шығарылды», - делінген әкімдік хабарламасында.

Қыс мезгілі басталғалы елордадан 3 миллион текше метрден астам қар шығарылды.

Қаланың коммуналдық қызметтері кешкі және түнгі уақытта қарқынды түрде, сондай-ақ қар жинау маршруттарын түзету арқылы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.