Португалия мен Испанияны қуаңшылық жайлап барады

Azattyq Rýhy

Ғалымдар қуаңшылық климат өзгеруінің салдары деп отыр

Португалия мен Испанияны қуаңшылық жайлап барады
Фото: ашық дереккөзден

Португалияны соңғы 20 жылда болмаған алапат қуаңшылық жайлап барады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Елдің орталық өңірлеріндегі өзен-көлдердің суы тартылып қалған. Фермерлер шығынға батуымыз мүмкін деп дабыл қағып отыр. 

Бұл жағдайға билік те алаңдаулы. Өйткені елде электр энергиясының 30 проценті су электр стансаларында өндіріледі. Қазір сондай 5 стансаның жұмысы уақытша тоқтап тұр. Көрші Испанияны да құрғақшылық жайлады. Қаңтарда мұнда жауын-шашын әдеттегіден аз жауған. Кейбір өңірлерде ауыл шаруашылығы үшін су жетіспей жатыр. Ғалымдар қуаңшылық климат өзгеруінің салдары дейді. 

Метеорологтар жақын арада жағдай жақсармайтынын болжайды. Құрғақшылық салдарымен күресу үшін Португалия мен Испания билігі күш біріктіріп жатыр.   

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.