КВИ таралуы бойынша тағы бір облыс «қызыл» аймақтан шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Өткен тәулікте республика бойынша 1957 адам коронавирус жұқтырған

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 13 ақпанда жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Батыс Қазақстан облысы «сары» аймаққа енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.    

Матрица бойынша:

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды,Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары;

«Сары» аймақта: Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары;

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары тұр.

Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 1957 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 1 289 909 адамға жетті. Сондай-ақ елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 15 адам көз жұмды.