Ол жұмыс орнында «ішіп ұсталған» станция қызметкерінен астыртын пара алған болуы мүмкіні
Ақмола облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «ҚТЖ» ҰК» АҚ жүк тасымалы жолының Ақмоладағы бөлімшесі «Көкшетау-1» станциясының бастығына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
«Ол өзінің орынбасарымен жұмыс орнында алкогольдік мас күйінде болу фактісінің анықталуына байланысты жұмыстан шығармау және жалпы қамқорлығы үшін осы станцияның қызметкерінен астыртын пара алғаны үшін күдікті деп танылды», - деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
Станция басшысының кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.