11.02.2022, 10:38
Жаңалықтар
Павлодар облысына асыл тұқымды малдар жеткізілді
Бұл туралы Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты мәлімдеді
Фото: pavlodarnews.kz
«Айдар» шаруа қожалығына асыл тұқымды қазақтың ақбас сиырлары мен асыл тұқымды гемпшир қойы жеткізілді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты мәлімдеді.
«Бүгін Ақкөл ауылдық округінің «Айдар» шаруа қожалығына Ақмола облысының «Жаңа Береке» ЖШС-нан екінші категориялы асыл тұқымды қазақтың ақбас сиырларының 9 бас бұқашығы мен асыл тұқымды гемпшир қойының 2 қошқары әкелінді», - делінген баспасөз хабарламасында.
Аталған істің басында ықпалдасып жүрген Екібастұз қаласы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ж.Садуәқасов «Жаңа Береке» ЖШС бас директорының орынбасары, ауылдық округ әкімі және округ шаруа қожалықтарының басшылары кездесті.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)