Осыған байланысты ақша жіберу, дербес деректерді беру секілді өтініштерден тұратын қоңырауларды елемеуге кеңес берді
Қазақстан Ұлттық Банкі телефон алаяқтарының өздерін Ұлттық Банктің немесе «ҚР Банктері қауымдастығының» қызметкері ретінде таныстырып, әрекет ете бастағанын ескертеді. Шын мәнінде алаяқтар дербес деректерді алу, кредит рәсімдеуге көндіру және дербес деректерді жариялату арқылы банк шоттарынан ақша жымқыру мақсатын көздейді, деп деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Осыған байланысты Қазақстан Ұлттық Банкі ақша жіберу, дербес деректерді беру, мобильдік қосымшаларды орнату секілді өтініштерден тұратын, әсіресе жалған кредиттерді рәсімдеуге қатысты қоңырауларды елемеуге кеңес береді. Көп жағдайда телефон арқылы айтылатын мұндай әңгімелер ұйымдасқан алаяқтық топтардың әрекеттерін көрсетеді.
Қазақстан Ұлттық Банкінің немесе «ҚР Банктері қауымдастығының» атынан деп хабарласқан күдікті қоңырау немесе хат алған жағдайда әңгімені үзіп, құқық қорғау органдарына жүгінген жөн.
Ұлттық Банктің ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі мамандарының ұсынымы:
Кеңес алу үшін 1477 қысқа нөмірі бойынша Ұлттық Банктің Байланыс орталығына хабарласуға болады.