$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодарда 700-ден астам бала коронавируспен ауырып жатыр

Жыл басынан бері 21 адам аталмыш инфекциядан көз жұмды

Павлодарда 700-ден астам бала коронавируспен ауырып жатыр
Фото ашық дереккөзден

Өңірде бүгінде КВИ жұқтырған 4,5 мың адам бар, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазинов мәлім етті.

«Соңғы тәулікте 285 адамнан КВИ анықталды. Қазіргі уақытта ауруханаларда індетті жұқтырған 835 адам, үйлерінде 3776 адам ем қабылдауда. Инфекциялық төсектердің жартысында науқастар жатыр. Реанимациялық төсектерде ауыр жағдайда 14 адам бар», - деді Айдар Сейітқазинов.

Сондай-ақ басқарма басшысы ауруханаларға КВИ-ге шалдыққан жүкті әйелдер мен балалардың түсуі азайғанын атап өтті.

«Облыста 297 жүкті әйел ем қабылдауда. Оның ішінде 38 әйел ауруханада жатыр. Оған қоса, 744 бала ауырып жатыр. Олардың ішінде 72 бала – ауруханада», - деді Айдар Сейітқазинов.

Басқарма басшысының айтуынша, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бері облыста коронавирустың салдарынан 21 адам көз жұмған.

«Қаңтар айында 13 адам, ақпан айының басынан бері 8 адам көз жұмды. Олардың көбі – егде жастағы адамдар. Қосымша аурулары бар. Жансақтау бөлімінде ұзақ уақыт болды», - деді Айдар Сейітқазинов.

Айта кетейік, 2021 жылы Павлодар облысында коронавирустан 674 адам көз жұмған. Жыл соңындағы желтоқсан айында індет салдарынан 29 адам бақилық болған.

Серіктес жаңалықтары