$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Семейде үшем дүниеге келді

Балалар «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша көмекші репродуктивті технологияны қолданудың арқасында өмірге келді

Семейде үшем дүниеге келді
Фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстанда 32 жастағы келіншек дүниеге үшем әкелді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Балалар «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша көмекші репродуктивті технологияны қолданудың арқасында дүниеге келді.

Дәрігерлердің айтуларынша, әйелдің жүктілігі қалыпты өтті, балалар уақытынан бұрын, жүктіліктің 34 аптасында дүниеге келді. Нәрестелер 2 келі 280 гр, 2 келі 300 гр және 2 келі 200 гр салмақта дүние есігін ашты. Бұл үшемдер үшін жақсы көрсеткіш, деп бөлісті дәрігерлер.

«Біздің отбасымыз бұл қуанышты 10 жылдан астам уақыт күтті. 2021 жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасының жұмыс комиссиясынан МӘМС шеңберінде ЭКО-ға квота алдық. «Аңсаған сәби» бағдарламасына алғысымыз шексіз, бұл біз сияқты бала аңсаған жұптар үшін үлкен мүмкіндік беретін бағдарлама. Мен бақыттымын. Бізге осындай ерекше көңіл бөлген Семейдегі перинаталды орталыққа алғыс айтамын», – деп бөлісті үшемнің анасы Мақпал.

Айта кетейік, 2022 жылдың бірінші айында 23 егіз және 1 үшем дүниеге келді. 2021 жылы облысымызда 22 нәресте дүниеге есігін ашты.

Облыстық медициналық сақтандыру қорымен «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша биыл 488 жұпты қамту жоспарлануда.

Серіктес жаңалықтары