Коммуналдық қызмет тарифін көтеруге мораторий енгізілді: халық 3,2 млрд теңге үнемдейді
103 монополист субъектілерінің тарифтері 2021 жылғы желтоқсан айының деңгейіне түзетілді
Белгілі болғандай Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті халық үшін реттелетін коммуналдық қызметтерге (сумен жабдықтау, су бұру, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау және газбен жабдықтау) тарифтерді көтеруге мораторий енгізді. Бұл туралы Azattyq Rýhy ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.
ТМРК халық үшін тарифтерді 2021 жылғы желтоқсан айының деңгейінде 180 күн мерзімге ұстап тұру бойынша тиісті жұмыс жүргізді.
«Осылайша, 103 монополист субъектілерінің тарифтері 2021 жылғы желтоқсан айының деңгейіне түзетілді.
Қабылданған шаралар мораторий қолданылған кезеңде экономикалық тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді, бұл халықтың табысына оң әсер етеді», - делінген ведомство хабарламасында.
Оның барысында шамамен 3,2 млрд теңге, оның ішінде мынадай салалар бойынша үнемдейді:
- жылумен жабдықтау – 1 442 млн теңге;
- электрмен жабдықтау – 839,7 млн теңге;
- сумен жабдықтау – 367,6 млн теңге;
- су бұру – 224,6 млн теңге;
- газбен жабдықтау – 318,7 млн теңге.