«Өскемен-Семей» автожолында автокөлік отқа оранды

Azattyq Rýhy

Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 6 адамы, 2 техникасы жұмылдырылды

Фото ашық дереккөзден

«Өскемен-Семей» автожолында «Скания» маркалы автокөлік өртеніп кетті. Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі мәлім тті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«09 ақпан күні сағат 21:00 шамасында Ұлан ауданындағы Таврия ауылынан 20 шақырым жердегі «Өскемен-Семей» автожолында «Скания» маркалы автокөлік өртенген. 38-ӨСБ құтқарушылары келген сәтте ацетилен баллондарын тасымалдайтын автокөлік жалынға оранған болатын. Қауіпсіздік мақсатында Жол полициясы қызметкерлері автожолдағы қозғалысты уақытша тоқтатты. Оқиға орнына Апаттар медицинасы орталығының трассалық медициналық - құтқару пунктінен дәрігерлері барды. Зардап шеккендер бойынша ақпарат түскен жоқ. Көлік жүргізушісі де аман», - делінген хабарламада.

Мәліметке сай, баллондардың жарылуына байланысты өртті дереу сөндіру мүмкін болмады. ТЖД өрт сөндірушілері алдымен қауіпсіздік техникасын сақтай отырып қашықтықта болды. Жарылыстар тоқтаған соң өрт сөндірушілер баллонды суыту мен өртті сөндіру үшін су құйды. Өрт 22 сағат 35 минутта ауыздықталды. Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметі жеке құрамның 6 адамы, 2 техникасы жұмылдырылды.


 

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.