Бұл әдеттегі көрсеткіштен екі есе көп
Алматы қаласында кешелі бері 114 жол апаты орын алып, 16 апаттан 26 адам жарақат алған. Бұл туралы қалалық полиция басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бір күнде 114 жазатайым оқиға орын алды. Бұл әдеттегі көрсеткіштен екі есе көп. Апаттың басты себебі – ауа райының нашарлауы», - дейді Алматы қалалық ДП ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
8 ақпан күні таңертең Алматыны қою тұман басып қалды. Қалада көктайғақ салдарынан жаппай жол-көлік оқиғалары орын алып, соған байланысты полицейлер жүргізушілерге жүгінді, ал ТЖД көлік иелері мен жаяу жүргіншілерді абай болуға шақырды.
9 ақпан күні түстен кейін Алматыда қар жауа бастады, соған байланысты мегаполис басшылығы көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерді сақтық шараларын берік ұстануды сұрады.