Ресейдің атышулы депутаты Жириновский коронавирусқа шалдықты
Мемлекеттік Думада коронавирустың таралуына байланысты қазір депутаттардың көпшілігі өз аймақтарында
ЛДПР жетекшісі Владимир Жириновский коронавирус диагнозымен Мәскеудегі Орталық клиникалық ауруханаға жатқызылды, оның өкпесі қатты зақымданған. Бұл туралы Azattyq Rýhy Интерфакс агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Дереккөзге сүйенсек, Жириновскийдің өкпесі 50-75%-ға зақымданған. Мұны аурухана дәрігерлері растап отыр.
«Владимир Вольфович құжаттармен жұмыс істеуге шамасы жетеді. Ол өзін қалыпты сезінуде», - деді Ресейдің Мемлекеттік Думадағы ЛДПР фракциясы басшысының бірінші орынбасары Василий Власов.
Соңғы уақытта Жириновский қоғамдық іс-шараларға қатыспай жүр. Оның партиялық мессенджерлерде эфирлері болған жоқ.
Ақпан айында Мемлекеттік Думада коронавирустың таралуына байланысты қазір депутаттардың көпшілігі өз аймақтарында.