$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Үкімет Мемлекет басшысына «Жаңа экономикалық бағыт. Бірінші қадам. 2022 жыл» бағдарламасын баяндады

Бағдарлама аясында 4 бағыт бойынша шамамен 500 іс-шара көзделген

Үкімет Мемлекет басшысына «Жаңа экономикалық бағыт. Бірінші қадам. 2022 жыл» бағдарламасын баяндады

Үкімет «Жаңа экономикалық бағыт. Бірінші қадам. 2022 жыл» атты іс-қимыл бағдарламасын әзірледі. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында баяндады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сондай-ақ, ол Ұлттық даму жоспары мен басқа да стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыруға бағытталған.

Бағдарлама орта мерзімді кезеңге арналған жаңа экономикалық бағытты қалыптастырудың  бірінші кезеңі болып саналады.

«Құжатта макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру,  кәсіпкерлікті дамыту, халықты жұмыспен қамту және адами капиталды дамыту бойынша нақты іс-шаралар қамтылған. Үкіметтің іс-қимыл бағдарламасы  эксперттік қауымдастықтың қатысуымен әзірленді. Бағдарлама аясында  4 бағыт бойынша шамамен 500 іс-шара көзделген», - деді Үкімет басшысы.

Серіктес жаңалықтары