05.02.2022, 14:35
Жаңалықтар
Алматыда келісілген митинг өтіп жатыр
Митингке қатысушылардың бірнеше талабы бар
sputnik.kz
Алматыда келісілген митинг өтуде. Митингке қатысушылар әкім сайланарда таңдау құқығын беруді, қазіргі қала әкімін қызметтен босатуды және қаңтар оқиғаларынан кейін ұсталған кінәсіз адамдарды бостандыққа жіберуді талап етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жиын 5 ақпанда сағат 12.00-де басталды. Адамдар Шевченко көшесінде орналасқан Шоқан Уәлихановтың ескерткішінің маңына жиналды. Оқиға орнына жиналғандың жалпы саны – 150-200-ге жуық. Митинг тыныш өтіп жатыр.
Митингіге қатысушылардың бірі адамдарды үйге қайтуға шақырды.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бірнеше қызметкері жүр.
Көп оқылған
29.07.2026, 10:24
Аптап ыстықтың беті қайтады: Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді
29.07.2026, 13:36
Тағы да той кортежі: Жамбыл облысында елді шошытқан жас жігіт әлеуметтік желі арқылы табылды (ВИДЕО)