Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Маңғыстау облысы бойынша қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаменті Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязовты ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілетін теріс пайдаланды деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде ұстады», - делінген ақпаратта.
Ғалымжан Ниязовқа қатысты сот қаулысымен екі ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.