Қылмыстық кодексте көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылған
Құқық қорғау органдары әлеуметтік желілерде «фейк» ақпараттарды тарату деректерін анықтауда. Қылмыстық кодексте көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Бұл туралы Орталық комуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокуратураның 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазіргі кезде осындай фактілер бойынша 10 қылмыстық іс тергелуде. Олар бойынша 3 жалған ақпарат таратушы анықталып, оның біреуі қамауға алынды, екеуі үйқамақта отыр. Прокуратура және құқық қорғау органдары қылмыстардың толық тергелуін, заң нормаларының сақталуын қамтамасыз етуде», - деді спикер.