$ 515.03  584.82  6.24
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Нұр-Сұлтанда ер адам біреудің көлігін ұрлап, 100 мың теңгеге сатып жіберген

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды

Нұр-Сұлтанда ер адам біреудің көлігін ұрлап, 100 мың теңгеге сатып жіберген
Фото ашық дереккөзден

Өткен жылдың қараша айында ер адам тұрғын үй ауласында бұзылып тұрған «ВАЗ-2114» маркалы автокөлікті байқап, оны ұрлап әкетіп, сосын сатып жіберген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша қаскүнем жарнама сайттарының бірінен сатып алуға қызығушылық танытқан клиент тапқан. Көлікті тұрақтан сүйреп әкету үшін ол аталған автокөлікті өзінікі деп сендіріп, досының көмегімен алып кетіп, 100 мың теңгеге сатып жіберген.

Полиция автокөлік иесінің көлік ұрланғанын 3 айдан кейін байқағанын, содан кейін тәртіп сақшыларына жүгінгенін атап өтті. Жәбірленушінің айтуынша осы уақыт аралығында ол қалада болмаған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында 19 жастағы күдікті ұсталды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары