Қазақстан мен Қытайдың кедендік статистикасы неге сәйкес келмейді

Azattyq Rýhy

Қазақстан арқылы өткізілетін қытай тауарлары транзитінің бір бөлігі ҚХР статистикасында экспорт ретінде көрсетіледі

Фото ашық дереккөзден

Қазақстан мен Қытайдың кедендік статистикасында 5,7 млрд долларға алшақтық бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, ҚХР-дан Қазақстанға импорт 2021 жылы $8,3 болса, ал Қытайдың Қазақстанға экспорты бойынша статистикасы – 14 млрд долларды құраған. Тиісінше, айырмашылық 5,7 млрд доллар.

Комитеттің дерегінше айырмашылықтың негізгі себебінің бірі кедендік статистиканы қалыптастырудың әдіснамалық ерекшеліктері болып отыр.

Мысалы, Қазақстанда тауарды шығарған ел импортаушы ретінде есепке алынады. Ал Қытай тарапы Қазақстанға қатысты экспорт статистикасында үшінші елдерде өндірілген тізімді де есепке қосады, сондықтан Қазақстанның Қытайдан импорттау статистикасына енбеген тауарлар да қамтылған.

Сонымен қатар, Қазақстан экспорт бойынша деректерді жасау кезінде тауардың межелі елін ескереді, деп толықтырды МКК. Сондай-ақ, деректер жеткізу шарттарындағы айырмашылықтарға байланысты бөлінеді.

«Экспорттаушы тауардың кедендік құнын FOB жеткізу шарттары бойынша анықтайды яғни, сатып алушы тасымалдау үшін төлейді. Сонымен қатар, импорттаушы – CIF бойынша сатушы тасымалдау үшін төлейді», - деп түсіндірді МКК.

Бұған қоса, Қазақстан арқылы өткізілетін қытай тауарлары транзитінің бір бөлігі ҚХР статистикасында экспорт ретінде көрсетіледі, мұны Қытай сарапшылары растайды. Бұдан басқа, «Қорғас» ШЫХО арқылы сатылатын тауарлар ҚХР статистикасында Қазақстанға экспорт ретінде көрсетіледі, ал Қазақстанда мұндай тауарлар декларациясыз жеңілдетілген тәртіппен ресімделіп отырған. Сондай-ақ, бұған қазақстандық импорттаушылардың кедендік құнды қате декларациялауы, сондай-ақ қытайлық тауар өндірушілердің экспорттық бағаны көтеруі екі ел арасындағы баға айырмашылығына алып кетіп отыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.