Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Бейжің қаласына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ертең Мемлекет басшысы XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады», - деп жазды Берік Уәли Facebook-парақшасында.
5 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин келіссөз өткізеді. Келіссөз барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықтың даму перспективалары талқыланбақ.