03.02.2022, 09:04
Жаңалықтар
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 23 адам қайтыс болды
Ауыр халде 434 пациент емделіп жатыр
Фото ашық дереккөзден
Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 23 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ПТР расталған коронавирустан 17 адам қайтыс болды. Тағы алты адам пневмонияның белгілері бар коронавирустан қайтыс болды, бірақ ПТР тесті теріс шықты.
3 ақпандағы жағдай бойынша 126 829 адам (125 631 КВИ+ және 1 198 КВИ -) КВИ-дан емделіп жатыр, оның ішінде:
- стационарларда – 10 192 пациент,
- амбулаториялық деңгейде – 116 637 пациент.
Науқастар ішінде:
- ауыр халде – 434 пациент,
- аса ауыр дәрежедегі жағдайда – 174 пациент,
- ӨЖЖ аппаратында – 84 пациент.
Естеріңізге сала кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 7656 жаңа жағдайы тіркелді.
Көп оқылған
23.02.2026, 15:59
Үйіне алдап шақырған: БҚО-да ер адам кәмелеткен толмаған қыз баланы зорлады деген күдікке ілінді
23.02.2026, 12:49
Қымызды көп ішіп қойыпты: Павлодарда Жеке сот орындаушылары палатасының басшысы ұсталды
23.02.2026, 17:10
Олимпиада - 2026: көш басында тұрған АҚШ пен Норвегия өз спортшыларына бюджеттен қаражат бөле ме
23.02.2026, 13:59
Астана маңынан 2035 жылға дейін жер телімін беруге тыйым салынуы мүмкін