Ерлан Қошанов: Парламент жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету қажет

Қоғамның үнін естіп, халықтың тілін түсіну және дер кезінде шаралар қабылдау – кез келген келеңсіздіктің алдын алудың негізгі алғышарты

Ерлан Қошанов: Парламент жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету қажет
Фото ашық дереккөзден

Сайлаушылар тарапынан депутаттарға қойылатын талап қашан да жоғары. Бұл туралы Мәжілістің жаңа төрағасы Ерлан Қошанов палатаның жалпы отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Осы орайда бірінші кезекте, Парламент жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету қажет. Халық сайлаған депутаттар – ең алдымен, өз сайлаушыларына жақын болу керек. Қоғамның үнін естіп, халықтың тілін түсіну және дер кезінде шаралар қабылдау – кез келген келеңсіздіктің алдын алудың негізгі алғышарты екені түсінікті. Сондықтан алдағы уақытта, депутаттар корпусының азаматтық сектормен, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен, әсіресе, өңірлердегі қоғам белсенділерімен тығыз байланысын одан ары жандандыратын боламыз.

Бұл – Президент бекіткен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын нәтижелі жүзеге асырудың да басты ұстанымы. Алдымызға қойылған жаңа міндеттерді табысты орындау үшін азаматтық қоғаммен қатар, мемлекеттік органдардың барлық тармақтарымен, соның ішінде, Сенатпен, Үкіметпен, Сот саласымен өзара тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейміз», - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.