02.02.2022, 01:22
Жаңалықтар
Асқар Есімов «Қайрат» ФК бас директоры қызметіне тағайындалды
Бұл туралы футбол клубының баспасөз қызметі хабарлады
«Қайрат» футбол клубының жаңа бас директоры қызметіне Асқар Асылбекұлы Есімов тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«40 жастағы маманның спорт саласындағы тәжірибесі мол, Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт комитетінде, сонымен қатар ескек есу спортының федерациясында қызмет еткен.
Асқар Асылбекұлы экономика және қаржы саласында да нәтижелі жұмыстар атқарған», - делінген команданың баспасөз хабарламасында.
Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласына қосқан баға жетпес үлесі мен жұмысы үшін, 2015 жылы Асқар Асылбекұлы «Ерен еңбегі үшін» марапатымен марапатталған.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады
16.08.2026, 15:06
Ақтөбе облысында бұзылған автобустан 14 жолаушы эвакуацияланды