01.02.2022, 12:11
Жаңалықтар
Құрылыс саласында бақылауды күшейтуді қарастыратын заң жобасы әзірленді – ИИДМ
Құрылыс саласында бақылау әлсіз болғандықтан, кейбір объектілер кемшіліктермен қабылданады
Фото ашық дереккөзден
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары шағымсыз тексере алмайды және объектілерді пайдалануға қабылдауға қатыспайды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қазіргі уақытта елімізде құрылыс саласында бақылау әлсіз болғандықтан, кейбір объектілер кемшіліктермен қабылданады.
Мемлекеттік бақылауды күшейту үшін мынадай шұғыл шараларды қамтитын заң жобасы әзірленді:
- Аумақта құрылысты сапасыз жоспарлауды болдырмау үшін қала құрылысы сараптамасын енгізу;
- Құрылыстың барлық кезеңінде (қазаншұңқыр қазудан бастап абаттандыру жұмыстарына дейін) объектілерге жоспарлы бақылау енгізу және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарының объектілерді пайдалануға қабылдауға қатысуы;
- Пайдаланылатын материалдар мен орындалған жұмыстардың сапасына зертханалық және техникалық тексеру жүргізу үшін тәуелсіз мемлекеттік зертханалық қызмет құру.
Мемлекет басшысы 2021 жылғы Жолдауында қалаларды кешенді салудың жаңа стандарттарын әзірлеу қажеттігін айтты.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты