Ұлттық кеңес құрылғалы бері құрамының жартысы өзгертілді
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында ротация жасалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық кеңестің құрамына жұртшылықтың жаңа өкілдері – Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева, Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту институтының директоры, Петропавл қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Сергей Худяков, Қазақстан жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек, Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Индира Рыстина, белгілі қаржыгер Расул Рысмамбетов.
«Ротация аясында Ұлттық кеңес құрамынан Александр Данилов, Лаура Демесінова, Абылай Мырзахметов және Асқар Омаров шығарылды», - делінген хабарламада.
Айта кетсек, Ұлттық кеңес құрылғалы бері құрамының жартысы өзгертілді және оның жұмысына жаңадан 20-дан астам сарапшы мен қоғам белсенділері тартылды.
Қазіргі уақытта Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жетінші отырысына дайындық жүргізіліп жатыр.