Қазақстанда жаңа мұнай кен орны табылды

Автор: Еркежан Айтказина

2017-2021 жылдар ішінде 3D барлау түсірілімі жүргізілген

Фото ашық дереккөзден

Өзен кен орнынан алынатын мұнай қорының өсімі 39,9 млн тонна болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Көмірсутектердің нақтыланған көлемі 2021 жылдың соңында қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссияның балансына қабылданды. Қазіргі уақытта жаңа қорларды есепке алу және оларды өндіруге енгізуді жоспарлау мақсатында кен орнын игеру жобасына түзету жүргізілуде», – делінген «ҚазМұнайГаз» компаниясы таратқан мәлімдемеде.

Өзен кен орнын жете барлаудың егжей-тегжейлі бағдарламасы шеңберінде 2017-2021 жылдар ішінде 3D (368 шаршы км) жоғары шешімді сейсмикалық барлау түсірілімі жүргізілген.