$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қаңтардағы оқиғаларға қатысқан бұзақылар есірткі шеккен – Президент

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Қаңтардағы оқиғаларға қатысқан бұзақылар есірткі шеккен – Президент
Фото ашық дереккөзден

Қаңтардағы оқиғаларға қатысқан бұзақылар есірткі қолданған. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар» телеарнасына берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазіргі тергеу амалдары ұрыс іс-қимылдарына тікелей қатысқан бандиттердің есірткіге еліткен күйде болғанын көрсетіп отыр. Оларда ауырсыну сезімдері болмаған. Егер күштік құрылымдар соңғы кезеңде қару қолданып, аяқтарын атқанда олар құлап, бірақ, әдетте жарақат болған кездегі ауырсынуды сезінбеген. Бұл операцияның өте тыңғылықты дайындалғанын тағы да білдіреді», − деді ол.

Оның айтуынша, саны көп бандиттік топтардың бірі бесжұлдызды қонақ үйде тұрған. Командалық штабын «Қазақстан» қонақ үйінің бірінші қабатына орналастырған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, адамдар тергелу үстінде.

 
Серіктес жаңалықтары