$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қар жауады: 30 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Республиканың басым бөлігінде тұман түседі

Қар жауады: 30 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Фото: proprikol.ru

Синоптиктер жексенбі, яғни 30 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ҚР басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, осыған байланысты жауын-шашын көбінесе қар түрінде жауады, желдің күшеюі, бұрқасын, көктайғақ болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.

Атап айтқанда, Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы, тау бөктеріндегі аудандарында тұман түсіп, таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысынының солтүстік - шығысында және таулы аудандарында көктайғақ, облыстың солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман болып, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының оңтүстігінде-жаяу бұрқасын, облыстың солтүстігінде-тұман болады.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасынмен жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында көктайғақ болып, солтүстігінде – тұман түседі.

Атырау облысының шығысында тұман түседі, күндіз облыстың солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі, облыстың оңтүстік-батысында, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік бөлігінде жаяу бұрқасын, облыстың солтүстігінде тұман болады, облыстың орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының солтүстік-батысында, Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түсуі мүмкін.

Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде жаяу бұрқасын болып, күндіз облыстың солтүстігі мен орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.                                                                                        

Серіктес жаңалықтары