Сұхбат «Хабар» және «Хабар 24» телеарналарынан көрсетіледі
Бүгін сағат 20:00-де «Хабар» және «Хабар 24» телеарналарынан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың эксклюзивті сұхбаты көрсетіледі. Бұл туралы Мемлекет хатшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Президент қоғамды алаңдатқан қасіретті қаңтар оқиғасының себептері мен салдары, алдағы саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы негізгі серіктестері мен қарым-қатынастары туралы сауалдарға жауап береді», - деп жазды Б.Уәли Facebook-парақшасында.