$ 511.18  530.6  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте өзгенің 1 млн теңгесін алаяқтықпен иемденіп кеткен әйел ұсталды

Қазіргі уақытта 47 жастағы қала тұрғынына қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр

Шымкентте өзгенің 1 млн теңгесін алаяқтықпен иемденіп кеткен әйел ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Шымкентте мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер әперемін деп, тұрғынның 1 млн теңгесін иемденіп кеткен әйел ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Қаратау аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, танысы қаладағы жаңадан бой көтерген көпқабатты үйлердің бірінен мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алуға көмек беремін деп сендірген. Осылайша 1 000 000 теңгесін алаяқтық жолмен иемденіп алған. Алайда, арада уақыт өте не пәтер, не ақшасын қайтармай ізін суытқан.

«Аталған жайтты ашу мақсатында Қаратау АПБ-ның тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, тұрғынды алдап-соққан әйелдің жеке-басын анықтап, басқармаға жеткізді. Ол 47 жастағы қала тұрғыны болып шықты», - делінген ПД хабарламасында.

Белгілі болғандай, ұсталған әйел арызданушыдан алған қаражатты өзінің бас пайдасы үшін жаратып жіберген. Қазіргі таңда азаматшаға қатысты ҚР ҚК 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар, оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысының бар жоғы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары