Бахтиер Зайнутдинов РФПЛ-дағы алғашқы голын соқты

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстандық футболшы мамыр айындағы жарақатынан кейін алғаш рет алаңға шығып отыр

фото: ФК «Ростов»

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов «Ростов» сапындағы алғашқы голын соқты.

Бүгін Ресей премьер-лигасының 11 турында «Ростов» командасы мәскеулік «Динамомен» кездесіп, 3-0 есебімен басым түсті. Үшінші голдың авторы қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов болды. Ол алаңға 81 минутта шығып, 82 минутта гол соқты.

21 жастағы Б.Зайнутдинов қаңтар айынан бастап «Ростов» сапында өнер көрсетеді. Қазақстандық футболшы бұған дейін ресми 12 матч өткізіп, бірде-бір гол соқпаған. Ол мамыр айындағы жарақатынан кейін алаңға алғаш рет шығып отыр.

«Ростов» командасы осы жеңісінен кейін 23 ұпаймен 2 орынға шықты.