$ 505.15  550.31  5.89
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шекарадағы атыс: жарақаттанғандар саны 11 адамға жетті

Екі елдің арасында былтыр да қақтығыс болған еді

Шекарадағы атыс: жарақаттанғандар саны 11 адамға жетті
Фото ашық дереккөзден

Қырғыз-тәжік шекарасындағы атыстан қырғызстандық 11 адам жарақат алған. Жанжалдан әртүрлі дене жарақатын алған адамдар Баткен облыстық ауруханасына жатқызылған. Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендердің жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Олар тиісті ем алып жатыр.

АКИpress агенттігінің мәліметінгше, екі мемлекеттің шекарасындағы жағдай 27 қаңтар күні түс ауа шиеленісіп кеткен. Сағат 17:50-де тәжіктер тас тиелген жүк көлікпен Төрт-Кочо ауылына жиналып, таспен Баткен-Исфана автожолын жауып тастаған. Олармен бірге тәжік шекарашылары да жүрген. Екі ел шекара өкілдерінің кездесуінен кейін трасса көлік қозғалысы үшін ашылған.

«Бірақ мәселе шешілгеніне қарамастан, тәжік тарапы шекараның Чыр-Добо ауданындағы басқа учаскесінде Қырғызстанның әскери қызметкерлеріне минометтер мен гранатометтерден оқ жаудырды. Бұдан кейін тәжік шекарашылары Төрт-Көчө ауылындағы қырғыз әскери қызметкерлеріне қарсы қару қолданған. Тәжікстан әскерилерінің оқиға орнындағы әрекеті арандатуға алдын ала дайындалғанын растайды», - деп хабарлады Қырғызстан Шекара қызметі.

Көрші мемлекеттердің шекарашылары шиеленіс кезінде әскери ауыр техникаларды да шығарған. Бір-біріне оқ жаудыру басталғанда Қырғызстан билігі тұрғындарды эвокуациялай бастаған еді. Алайда, шекара маңындағы Самарқандық, Төрт-Көчө, Көк-Таш, Дахма, Кочо-Бою және Головной елді мекендерінде жағдай тұрақталып, түн тыныш өткен.

Екі мемлекеттің шекарасындағы жанжал былтыр 29 сәуірде де орын алған еді. Ол кезде де қос тараптың 150 жуық тұрғыны бір-біріне тас жаудырған. Жанжалдың арты қарулы қақтығысқа ұласып, салдарынан екі елдің елуден астам адамы қаза тапты. Баткен облысындағы қақтығыс аумағынан 30 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген еді. Төрт-Көчө ауылы арқылы өтіп жатқан автожол Ош-Баткен-Исфана жолдарын жалғайды.

Серіктес жаңалықтары