Алматыдағы метро мен сауда орталығында пранк жасаған жігіт іздестіріліп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Қабылданған шаралардың нәтижелері қосымша жарияланатын болады

inform.kz

Алматы полициясы метро мен сауда орталығында пранк үшін видео түсірген құқық бұзушыны анықтау мақсатында іздестіру жұмыстарын бастады. Бұл туралы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желіде жарияланған бірінші видеода ер адам телефон арқылы біреумен айқайлап сөйлесіп, мәселе шешіп жатыр, екіншісінде оның қаладағы сауда және ойын-сауық орталықтарының біріндегі эскалаторға шығып алғанынын көруге болады.

«Құқық бұзушыны анықтау үшін тиісті тексеру жұмыстарын бастадық. Мән-жайды анықтау Бостандық аудандық полиция басқармасы қызметкерлеріне жүктелді. Қабылданған шаралардың нәтижелері қосымша жарияланатын болады», - деп жазды Instagram-дағы парақшасында қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов.