ERG «Қазақстан халқына» қорына 30 млрд теңге аударды

Автор: Еркежан Айтказина

Былтыр ERG 377 млрд теңге салық төлеген

Фото ашық дереккөзден

«Қазақстан халқына» қорына Eurasian Resources Group компаниясы 30 млрд теңге аударды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2021 жылдың қорытындысы бойынша ERG 377 млрд теңге салық төлеген.

Қор басшылығы алынған барлық қаржы қаражатының толық ашықтығы мен есептілігі қамтамасыз етілетінін мәлімдейді. Ақша Қазақстан халқының игілігіне, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, білім, мәдениет және спорт проблемаларын шешуге бағытталады.

Қор орфандық және басқа да аурулары бар, халықтың әлеуметтік осал топтарына мұқтаж балаларға, қаза тапқан әскери қызметкерлердің, құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлерінің отбасыларына, сондай-ақ басқа да қайырымдылық мақсаттарға қолдау көрсетеді.