27.01.2022, 10:30
Жаңалықтар
Бас мемлекеттік санитар Қиясов қызметінен босады
Бұл туралы бүгін, 27 қаңтар күні Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады
Фото ашық дереккөзден
Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі — ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметінен босатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мәліметтерге сәйкес, ол жұмыстан кету туралы өзі арыз жазған.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ерлан Аңсағанұлы Қиясов берген өтінішіне сәйкес ҚР денсаулық сақтау вице-министрі — ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметінен босатылды», - деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.
Ерлан Қиясов 1973 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Орталық Азия университетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Тұран-Астана университетін тәмамдаған.
- Еңбек жолын 1990 жылы «Алматы қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің санитары болып бастады.
- 1997-1999 жылдары — Алматы қаласындағы ҚР әуе көлігіндегі орталық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитарлық дәрігері, дәрігер-эпидемиологы.
- 1999 жылдан бастап 2020 жылға дейін ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының құрылымында — Санитарлық-эпидемиологиялық станцияда жалпы гигиена бойынша санитарлық дәрігер, жедел бөлім меңгерушісі, Санэпидқадағалау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің бастығы, «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК директоры, басшының орынбасары болып жұмыс істеді.
- 2020 жылғы қыркүйекте ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды.
Көп оқылған
12.03.2026, 15:30
БЖЗҚ: 40 жыл бойы қорға 57 млн теңге жинаған азамат айына 311 мың теңге зейнетақы алады
12.03.2026, 10:14
«Бірнеше сағат бойы қинап, аяқ-қолын тілгілеген»: Атырауда бойжеткенге қорлық көрсеткен жігіт ұсталды
12.03.2026, 09:35
Бүгіннен бастап камералар көлікте белдік тақпаған және телефон ұстаған жүргізушілерді түсіріп алады – оның айыппұлы неше теңге
12.03.2026, 13:02
Шұғыл: әкімдік Астанадағы LRT-ның билетін 200 теңге деп бекітуді ұсынды