$ 495.28  538.32  5.77
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Үкімет жалған және дәл емес статистиканы қолданады – Мәжіліс депутаты

Ұлттық санаққа 2018 жылдан бастап 2021 жылға дейін 9 млрд теңгеге жуық бюджеттік қаражат жұмсалды

Үкімет жалған және дәл емес статистиканы қолданады – Мәжіліс депутаты

Статистика елде болып жатқан барлық жағдайдың дәлме-дәл санын беруі керек, ал бізде ол көп жағдайда көзбояушылық. Мұндай мәлімдемені Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев палатаның жалпы отырысында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Былтыр Ұлттық банк инфляция деңгейі 8%-дан аспағанын, ал азық-түлік бағасының өсуі 20%-дан аспағанын мәлімдеді. Өз сөзінде Елнұр Бейсенбаев бұл сандардың шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

«Статистер тамыз-қыркүйек айларында картоптың үш есе қымбаттағаны туралы естімеген сияқты. Ал кейбір құрылыс материалдары 2,5 есе қымбаттады және олардың бағасы осы күнге дейін сол деңгейде қалды. Сонымен бірге, Сауда министрлігі бағаның жалпы өсуі 12 пайыздан аспағанын айтты. Бұл деректердің ешқайсысын Ұлттық статистика бюросы жоққа шығарған жоқ және норма ретінде қабылданды. Екіншіден, Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша елдегі орташа жалақы 257 мың теңгені, ал халықтың жан басына шаққандағы атаулы табысы шамамен 131 мың теңгені құрайды. Ашығын айтсақ, қарапайым азаматтарды айтпағанда, статистердің өздері бұл сандарға сенбейді», - деді ол.

Сондай-ақ, депутат Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа жолдаған сауалында жұмыссыздық мәселесіне де назар аударды. Оның айуынша, статбюроның деректері бойынша 2021 жылы Қазақстандағы жұмыссыздар саны 4,9%-ды, яғни шамамен 451 мың адамды құрады. Олардың ішінде 78 мыңға жуық жұмыссыз жас бар. Бірақ шындап келгенде жаағдай мүлдем басқаша.

«2021 жылдың қараша айында біз елдегі жұмыссыздар саны әлдеқайда жоғары екенін, ал жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі ойдан шығарылған көрсеткіштермен жасырылғанын атап өттік. Сонымен қатар, сол жылдың басында біз Кореяда заңсыз жұмыс істейтін 12 мың қазақстандық туралы айттық. Үкімет тарапынан «біз ескереміз, көреміз, жасаймыз» деген сөздер ғана айтылды», - деді Елнұр Бейсенбаев.

Бұдан бөлек Мәжіліс депутаты жуырда ғана өткізілген халық санағының санын да сынға алды. Деректер бойынша, бойынша Алматыда 2,1 миллионнан астам, Шымкентте 1,1 миллион адам тұрады.  Ал шындығында, Алматыда кем дегенде 2,5 миллион, ал Шымкентте - 1,5 миллион адам тұрады.

Сонымен қатар, ұлттық санаққа 2018 жылдан бастап 2021 жылға дейін 9 млрд теңгеге жуық бюджеттік қаражат жұмсалды. Бұл сома санақтың сапасы сияқты халық арасында көптеген сұрақтар туғызды.

«Біз қазір ақшаның нақты не үшін жұмсалғанын білмейміз. Дәйексіз статистикалық деректердің қағаздағы алшақтығы сын көтермейді. Сондықтан осы саладағы тәсілдерді шұғыл түрде реттеу қажет деп санаймыз. Сондай-ақ, қысқа мерзімде БАҚ-ты шақыра отырып, ұлттық халық санағын өткізу үшін жұмсалған қаражат туралы есеп беруді сұраймыз. Статистикалық деректерді ретке келтірудің уақыты келді», - деді Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев.

Серіктес жаңалықтары