$ 498.75  523.09  5.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанның бірнеше елдегі елшілері тағайындалды

Малайзия, Мальдив Республикасы сияқты елдерге тағайындалды

Қазақстанның бірнеше елдегі елшілері тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елге Қазақстан елшілерін тағайындады. Бұл туралы Azattyq Rýhy «Ақорда» сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Болатұлы Сүгірбаев Қазақстан Республикасының Бруней-Даруссаламдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы, Бангладеш Халық Республикасындағы, Непал Федеративтік Демократиялық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды», - делінген «Ақорда» хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары