$ 511.18  530.6  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда ішкі әуе рейстері толық қалпына келтірілді – ИИДМ

Қазіргі уақытта 57 ішкі бағытта 605 тұрақты рейс орындалып жатыр

Қазақстанда ішкі әуе рейстері толық қалпына келтірілді – ИИДМ
Фото ашық дереккөзден

Қазіргі уақытта елімізде 57 ішкі бағытта 605 ішкі тұрақты әуе рейсі орындалады. Бұл туралы Azattyq Rýhy Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Ел аумағында төтенше жағдай режімінің алынып тасталуына байланысты ішкі әуе рейстері толық қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта 57 ішкі бағытта 605 тұрақты рейс орындалып жатыр.

Төтенше жағдай кезінде ұшпай қалған әуе рейстерінің жолаушылары билет құнын толықтай қайтарып немесе сатып алған жерлеріне барып, басқа күндерге тегін ауыстыра алады», - делінген хабарламада.

Министрліктің хабарлауынша елдегі эпидемиологиялық жағдайға сәйкес әуе рейстері Қазақстан Республикасының Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы №3 қаулысына сәйкес орындалады.

Серіктес жаңалықтары