$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Мектепке бомба қойылды»: Ақпарат жалған болып шықты

Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде

«Мектепке бомба қойылды»: Ақпарат жалған болып шықты
Фото ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында «мектепке бомба қойылды» деген хабарлама жалған болып шықты. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ресми мәліметке сүйенсек, оқиға бүгін Теректі ауданы Подстепный ауылындағы №1 орта мектепте болды. Сағат 10.40-та аталмыш мектепке бомба қойылғаны жөнінде 102 нөміріне хабар түскен, бұл туралы ВКонтакте әлеуметтік желісінде пайдаланушының парақшасында жазылған. Барлық қызметтер оқиға болған жерге жетіп, оқушылар мен мұғалімдер мектептен түгел шығарылды.

 «Ақпарат жалған болып шықты. Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде. Әлеуметтік желідегі парақшаға ақпаратты 2005 жылғы жасөспірім орналастырған. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 127-бабына сәйкес хаттама толтырылды», - деп хабарлады ведомстводан.


 

 

Серіктес жаңалықтары