$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қаңтар трагедиясы: өздері түсірген селфиі мен видеолары қамауға дәлел болып жатыр

Ұрлық пен тонау жасағаны үшін 274 адам уақытша ұстау абақтысына қамалды

Қаңтар трагедиясы: өздері түсірген селфиі мен видеолары қамауға дәлел болып жатыр
Фото ашық дереккөзден

Бұл туралы бүгін, 25 қаңтар күні өткен брифинг кезінде ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Жалпы, Алматыдағы оқиғалар кезінде қылмыстардың көбі немесе барлық қылмыстық фактінің 1356-сы тәртіпсіздіктен туындаған хаос процесінде қаланың сату обьектілеріне жасалған ұрлықтар екені белгілі болды.

«127 қылмыстық іс атыс қаруы мен оқ дәрілерді заңсыз сақтау фактілері бойынша, тағы 30-ы соларды ұрлау фактілері бойынша тергеліп жатыр.

Сонымен қатар, 63 қылмыстық іс мүлікті қасақана бүлдіру және жою, 12 көлікті айдап кету, 24 қарашылық және тонау, 23 құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне күш қолдану және олардың өміріне қол сұғу фактілері бойынша тіркелді. Ұрлық пен тонау жасағаны үшін 274 адам уақытша ұстау абақтысына қамалды», – дейді ол.

Ішкі істер министрлігінің өкілі осы цифрлармен қатар, ұсталған азаматтардың кінәсі қалай дәлелденіп жатқанына тоқталды. 

«Ұсталғандардың кінәсі ұрланған тауарлар мен қару түрінде алынған заттармен, сондай-ақ, бақылау камераларының жазбасымен, желідегі роликтермен және күдіктілердің өздері телефондарына түсірген деректермен дәлелденеді. Мысалы, 19 қаңтарда Алматы қаласында 18 жастағы тұрғын ұсталды. Оның ұялы телефонынан азық-түлік дүкенін тонау кезінде түсірілген бейнежазба, ұрланған заттар жанындағы селфи және ең сорақысы, көшеде бір полицей қызметкерін топ болып қатігездікпен ұрып-соққан видео табылды, бұл бейнежазбалардың барлығын күдікті өзі түсірген. Әрі мұндай фактілер көп», – деді ол.

Серіктес жаңалықтары