$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруларға қатысты істі Бас прокуратура тергейді

Аңшылық дүкендерден ұрланған қаруларды іздеу және ұрлаған азаматтарды тергеуге қатысты жұмысты Бас прокуратура тергейтін болды

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруларға қатысты істі Бас прокуратура тергейді
Фото ашық дереккөзден

Бұл туралы бүгін, 25 қаңтар күні брифинг кезінде ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«үлік кезінде жеті аңшылық дүкеніне шабуыл жасалып, тоналды. Олардан 1564 дана азаматтық қару ұрланды. Мемлекет басшысы лаңкестік актілердің себептерін және ұйымдастырушыларды анықтау бойынша тергеуді бас прокуратураға тапсырды», - дейді Әділов. 

Осыған байланысты, аталған санаттағы және онымен байланысты барлық қылмыстық істерді арнайы прокурорлар басшылық ететін ведомствоаралық жедел тергеу топтардың өндірісіне берілді. 

«Қалған қылмыстық істер бойынша тергеуді ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, экономикалық тергеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдары жүргізуде», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары