$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ІІМ құқық қорғау органдары қызметкерлерінің күш қолдануына қатысты 7 істі тергеп жатыр

Өткен аптада тәртіп сақшыларының әрекетіне қатысты 70-тен астам арыз-шағым түскен

ІІМ құқық қорғау органдары қызметкерлерінің күш қолдануына қатысты 7 істі тергеп жатыр
Фото ашық дереккөзден

Ішкі істер министрлігі құқық қорғау органдары қызметкерлерінің күш қолдануына қатысты 7 істі тергеп жатыр. Әр дерек полиция ғимараттарында және қоғамдық орындарда орнатылған бейнекамераларды талдау арқылы мұқият зерттелуде, деп хабарлайды Астана арнасы.

 Ведомствоның ресми өкілінің айтуынша, 20 факт бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Өткен аптада тәртіп сақшыларының әрекетіне қатысты 70-тен астам арыз-шағым түскен. Оның ішінде азаматтарды ұстау және жеткізу бойынша 46, ұялы телефонды заңсыз тексерудің 28 дерегі тіркелген.

«Әрбір өтініш берушіге ұстаудың себептері, бұзушылықтың сипаты және олармен байланысуға болатын қамауда ұстау орындары түсіндіріледі. Ұялы телефондарды тексерудің 28 фактісі бар. Барлық телефон  Қылмыстық кодекстің терроризм актісі, ғимараттар мен құрылыстарға шабуыл, тәртіпсіздік баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары аясында алынғаны анықталды. Өтініш берушілерге уәкілетті тексеруден кейін олардың мүліктері қайтарылатыны хабарланды», - деді ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

 Сондай-ақ, Бас прокуратура елдегі жаппай тәртіпсіздіктерден кейін 819 қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлады. Оның   45-і терроризм актілеріне, 36-ы жаппай тәртіпсіздікке, 16-ы адам өлтіру деректеріне қатысты. Тағы мыңға жуық адам ұсталған.

 

Серіктес жаңалықтары