Заңсыз жолмен кальян әкелуге көмектескен кеден бекеті мамандары сотталды

Автор: Azattyq Rýhy

Сот үкімі бойынша "Қапланбек" кеден бекетінің 5 маманы түрлі мерзімге сотталды

Фото ашық дереккөзден

Түркістан облысына заңсыз жолмен кальян әкелуге көмектескен кеден бекеті мамандары сотталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаржы мониторингі агенттігінің Түркістан облысындағы аумақтық департаменті өкілдері шекарада Өзбекстан Республикасынан заңсыз кальян тасымалдауға көмектескендерді анықтады. Сот үкімі бойынша "Қапланбек" кеден бекетінің 5 маманы түрлі мерзімге сотталды.

"Лауазымды тұлғалар қызметтік мансабын асыра пайдаланып, Өзбекстан Республикасынан Қазақстанға салмағы 23 985 келі жалпы сомасы 59 596 729 теңге болатын SERBETLI кальянын заңсыз әкелуге көмектескен", - делінген хабарламада.

Түркістан қаласы сотының үкімімен "Қапланбек" кеден бекетінің қызметкерлері Қ.Мұздыбаев, Б.Нұрбаев, М.Күміс, Б.Әлиев 3 жыл 6 айға, Н.Исаев 4 жылға бас бостандығынан айырылғаны белгілі болды.