$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда 52 жастағы әйел тұңғыш сәбиін дүниеге әкелді

Ол «Аңсаған сәби» жобасымен бөлінген квотаға сәйкес ЭКҰ арқылы бала көтерген

Атырауда 52 жастағы әйел тұңғыш сәбиін дүниеге әкелді
Фото ашық дереккөзден

Атырауда 52 жастағы әйел «Аңсаған сәби» жобасымен тұңғыш сәбиін дүниеге әкелді. Бұл туралы Атырау облыстық перинаталдық орталықтың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Перинаталдық орталық ұсынған мәліметке сүйенсек, жүкті әйел сәбиін 19 қаңтарда дүниеге әкелген.

«Бұл жаста өмірге сәби әкелу оңай емес. Біздің пациент бұған дейін көп жыл емделсе де бала көтере алмаған. Содан соң «Аңсаған сәби» жобасымен бөлінген квотаға сәйкес, ЭКҰ арқылы бала көтерген. Облыстық перинаталдық орталықтың білікті дәрігерлері оған 19 қаңтарда ота жасалды. Өмірге салмағы 3 келі 70 грам, бойы 51 см сәби келді. Бұл – оның тұңғыш сәбиі. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы», -деп хабарлады орталықтың баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары