$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Самұрық-Қазына» басшысы әрбір қазақстандыққа ұлттық байлықтан үлес беру туралы айтты

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма басшысы қорды реформалауда кез келген адамның пікірін қарастыруға дайынбыз дейді

«Самұрық-Қазына» басшысы әрбір қазақстандыққа ұлттық байлықтан үлес беру туралы айтты

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ өз жұмысын түбегейлі өзгертудің жоспарын әзірлеп жатыр. Бұл туралы Қор басшысы Алмасадам Сәтқалиев Facebook парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сәтқалиевтің пайымынша, «мемлекет басшылығының саяси ерік-жігерінің арқасында қор жұмысын түбегейлі өзгерте алатын мүмкіндікке ие болып отыр».

«Біз конструктивті ұсыныс айта алатын кез келген адамның пікірін тыңдап, оны реформалау жөніндегі жобамызға енгізуге дайынбыз. Жақын күндері жоспарымыздың барлығы ашық дереккөздерге жарияланады. Сұрақтарыңыздың бәріне жауап беруге дайынбыз», - деп сендірді Сәтқалиев өз жазбасында.

Реформаның негізгі приницптері ретінде ол ашықтық, есеп беру, бизнестің кедергілерін жою, әлеуметтік жауапкершілік пен сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы айқан.

«Менің ойымша, ең басты реформа – Қазақстан Республикасының әрбір азаматы ұлттық байлықты әділ бөлудің элементі ретінде Қордың активіне иелік етуге тікелей қатысу мүмкіндігі болмақ», - деп жазды Сәтқалиев.

Жалпы, Қор басшысының айтуынша, осы және өзге де өзекті сұрақтар 26 қаңтар күні әлеуметтік желіде өтетін тікелей эфир кезінде бизнес қауымдастықпен талқылға түседі.

Серіктес жаңалықтары