«Неліктен біз ШОБ-ты тұншықтыруымыз керек?!»: Президент «омикрон» жайлы
Үкімет жанынан отандық кәсіпкерлер кеңес құрылады
Тоқаев бұл бизнестің ойлары мен идеяларын тікелей жеткізуге және қабылданған шешімдердегі кулуарлықты төмендетуге көмектесетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кәсіпкерлермен кездесу барысында Президент және жеке өзі бизнес-қоғамдастықпен үнемі кездесулер өткізуге дайын екенін айтты.
Жиында Президент омикрон туралы айтып, шағын және орта бизнес үшін шектеулерді жеңілдетуге шақырды.
«Шамасы, COVID түрінде қазір омикрон жалпыға ортақ құбылысқа айналуда. Көптеген адам омикронмен ауыруға мәжбүр болады. Мұндай жағдайда шағын және орта бизнеске, әсіресе қызмет көрсету саласына қатысты қатаң карантиндік шаралар қаншалықты ұтымды? Неліктен біз бұл жағдайда ШОБ-ты тұншықтырып, экономикада тең емес жағдай жасауымыз керек?!» − деді Президент.