20.01.2022, 12:25
Жаңалықтар
Қазақстан азаматы Ресейде істеген жұмыс орнынан жалақысын ала алмай жүр
Оның ақшасы таусылып, далада қонуға мәжбүр
Көрнекі фото
Нұрлан есімді Қазақстан азаматы жалдамалы жұмысшы ретінде Ресейде өзіне тиесілі айлығын ала алмай жүр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы «Мамы Мира» еріктілер тобы TikTok әлеуметтік желісінде видео жариялады.
«Мен бұл жерден ақшамды алмай еліме қайтпаймын. Маңдай теріммен тапқан қаражат. Менің ұялы телефоныммен құжатымды ұрлап кетті. Полиция қызметкерлері менің арызымды қабылдамайды. Анда-мында сандалтып қояды», - дейді ол.
Нұрлан аталған еріктілер тобына айлығын ала алмай жүргенін айтып, көмектесуді сұраған. Қазір қазақстандық азамат пневмониямен ауырғаны анықталды. Нұрланның ақшасы таусылып, далада қонуға мәжбүр.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды