«Qazaqstan Olympic Team»: Олимпиада ойындарында ел атауы алғаш рет қазақша қолданылады
Қысқы Олимпиада ойындары 4 ақпан күні басталады
Қазақстан тарихында тұңғыш рет олимпиадалық құраманың формасы қазақша «QAZAQSTAN» деген атаумен шығады, деп хабарлайды Olympic.kz
Маңызды элементті халықаралық белгіден ұлттық белгіге өзгерту үшін Халықаралық Олимпиада комитетінен арнайы рұқсат алынды. Бұл ретте Қазақстан ХОК-тың үш әріптік кодтарының тізімінде KAZ белгісімен қала береді. Өйткені аббревиатура халықаралық стандартқа сәйкес пайдаланылады.
Қазақстан ҰОК ана тілінде дайындалған олимпиадалық киім-кешектің маңызды элементтерінің бірі атлеттерге сенімділік беріп, олар үшін отандастарды қолдаудың символына айналатынына сенеді.
«Олимпиада ойындары – ең алдымен үздік атлеттер өз байрағымен шығатын достық пен бейбітшіліктің үлкен фестивалі. Бұл тек спортшылар үшін ғана емес, өз командаларын қолдайтын барлық жанкүйер үшін маңызды оқиға. Олимпиада кезіндегі кез келген жабдыққа баса назар аударылады. Сондықтан ел атауының «QAZAQSTAN» деп жазылуы – ұлттық құраманы және бүкіл елді әлемдік қауымдастық алдында өте маңызды қадам болып саналады. Қазақ мәдениетінің ұлттық элементтері форма дизайнында халықтың салт-дәстүрлері мен өзіндік ерекшелігін ерекше атап өту үшін әрқашан да маңызды рөл ойнайтын. Шетелдік әріптестеріміз жаңа жазуға жоғары баға берді. Біздің атлеттерге де форманың жаңа элементі ұнайтынына сенімдіміз. Олимпиадашылар – Қазақстанның шетелдегі маңызды елшілері. Сондықтан біздің отандастарымыз біздің командамызға – өз командасына қолдау көрсетеді деп үміттенеміз», - деп атап өтті еліміздің Ұлттық Олимпиадалық комитетінде.
Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына спортшылар жаңартылған формада аттанады. Көп ұзамай барша қазақстандық жаңа формамен таныс болады.
Айта кетейік, қысқы Олимпиада ойындары 4 ақпан күні басталады және төртжылдықтың басты бәсекесінде 109 медаль жиынтығы сарапқа салынады.