Еліміздің үш қаласында мектеп оқушылары онлайн форматта оқиды
Басқа өңірлерде де 600-ден көп оқушысы бар мектептер қашықтан оқуға көшуі тиіс
Қазақстанның үш қаласында мектеп оқушылары онлайн форматта оқиды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Гүлмира Каримова мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бүгін мектепте үшінші тоқсан басталды, ол 18 наурызға дейін жалғасады. Оқу әртүрлі форматта болады. Министрліктің ұстанымы мектеп оқушыларының дәстүрлі форматта оқығаны және сол үшін бар жағдайды жасайды. Дегенмен эпиджағдайдың күрделене түсуіне байланысты еліміздің 3 қаласында – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте оқушылар қашықтан, янғи онлайн форматта оқитын болады. Қазіргі уақытта мектептерді техникалық тұрғыдан қамту жұмысы аяқталып жатыр», - деді Гүлмира Каримова.
Оның айтуынша, басқа өңірлерде де 600-ден көп оқушысы бар мектептер қашықтан оқуға көшуі тиіс.
«Мектепте 600 оқушыдан аз болса дәстүрлі форматта білім беруге рұқсат», - дейді ведомство басшысы.