$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

2021 жылы Қазақстанның халықаралық резервтері 5%-ға қысқарды – Ұлттық Банк

Қараша айында 2021 жылы «омикрон» жаңа штамының анықталуына байланысты нарықта айтарлықтай өзгеріс болды

2021 жылы Қазақстанның халықаралық резервтері 5%-ға қысқарды – Ұлттық Банк
Фото ашық дереккөзден

Алдын ала дерек бойынша былтыр Ұлттық Банктің жалпы резервін және Ұлттық қордың қаражатын қоса алғанда, Қазақстанның халықаралық резерві 89,709 млрд АҚШ долларды құрады. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 5%-ға қысқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Ұлттық банктің мәліметінше, 2020 жылдың қорытындысы бойынша резервтер 94,381 млрд теңге болды. Өткен жылы Ұлттық қордың активтері 55,322 млрд долларды құрады, бұл 2020 жылдан 5,82%-ға төмен.

«Қараша айында 2021 жылы «омикрон» жаңа штамының анықталуына байланысты нарықта айтарлықтай өзгеріс орын алды. Алайда, желтоқсан айында нарық қатысушылары локдаун тәжірибесінен байқағандай, оптимистік пікірде болды. Нәтижесінде желтоқсан айының қорытындысы бойынша қаржы нарығы қалпына келе бастады. Желтоқсан айының қорытындысы бойынша Ұлттық қордың инвестициялық кірісі 916 млн долларды құрады», - деп атап өтті Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова.

Оның айтуынша, өткен айда 368 млрд теңге көлемінде кепілдендірілген және мақсатты трансферттер бөлу мақсатында валюта нарығында 839 млн доллар сомасына активтер сатылды.

«Өткен жылы бюджетке 4,5 трлн теңгеге трансферттер бөлуді қамтамасыз ету үшін Ұлттық қордан валюталық қордағы шетел валютасындағы түсімдер жылына 3,9 млрд долларды құрады», - деді Молдабекова.

Серіктес жаңалықтары